Қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл өседі

884

Қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл әр үш жыл сайын өсіп отырады, деп хабарлайды Аtameken Business.        

Қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл өседі

Қазақстандықтардың экологиялық мәдениеті төмен. Салдарынан табиғат зиян шегіп жатыр. Сондықтан қоршаған ортаны ластағандарға салынатын айыппұл мөлшері 8 есеге өспек. Одан кейін әр 3 жыл сайын артады. Билік осындай талап арқылы, азаматтарға жауапкершілік жүктеуді көздеп отыр. Мұндай тәжірибе Еуропада сәтті болып, атмосфераға түсетін қалдықтар 94 пайызға азайған. Экологияға қатысты осы және өзге де мәселелер халықаралық "Эко жер" конгресінде айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу