Көрші ел ақылға сиятын, бірақ тосын көрінетін заң жобасын мақұлдады

Өзбекстан Сенаты алаңды шаңдатып, құрылыс жүргізетіндерге айыппұл салуды құп көріп отыр. 

Көрші ел ақылға сиятын, бірақ тосын көрінетін заң жобасын мақұлдады Фото: pixabay.com

Өйткені, елде осындай әрекетке барғандарды жазалайтын норма болмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сенаторлар құрылыс алаңдарында борап жатқан шаң мен ауаға ұшқан құм экологияға өз зиянын тигізіп жатқанын айтып, дабыл қаққан. Статистика 500 шаршы метр аумақтан 50 тоннаға дейін шаң көтерілетінін растап отыр. 

Бұған дейін көрші ел заңнамасында кінәлілерді осы іс-әрекеті үшін жауапқа тартатын норма болмаған. Сондықтан да, депутаттар аталған мәселені құқық шеңберінде реттеуге басымдық беруді жөн көрген.

Осылайша, сенаторлар 500 шаршы метрді қамтып жатқан құрылыс алаңын шаңдатқан лауазымды тұлғаларға 10 базалық есептік шама (145 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салатын заңды мақұлдаған. Егер бір жыл аралығында осындай құқықбұзушылық тағы қайталанса, айыппұл мөлшері 50 базалық есептік шамаға, яғни 729 мың теңгеге дейін көбеймек. 

Айта кетейік, Өзбекстанның ірі қалаларында қоршаған ортаға залал келтіретін кәсіпорындарды ашуға тыйым салынған. Ташкент, Нүкіс секілді шаһарларда орналасқан ірі өндірістер алыс аумақтарға көшіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу