Көрші ел астанасын көгалдандыруға 50 миллион АҚШ долларын жұмсамақ

Мұндай тосын жаңалықты Қырғызстанның Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Мэдер Машиев айтып отыр.  

Көрші ел астанасын көгалдандыруға 50 миллион АҚШ долларын жұмсамақ Фото: кирТАГ

Оның сөзінше, Дүниежүзілік банк Бішкекті көгалдандыру үшін 50 миллион доллар бөлген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қырғызстан Бішкек қаласын көгалдандыруға, суару жүйесін жаңғыртуға және шаң-тозаңмен күреске бағыт алатын жобаны іске қосты. 

– Өткен аптада мен Бішкектегі жасыл желектерге инспекция жүргіздім. Вице-мэр Рамиз Алиевпен бірге "Жасыл шаруашылық" мекемесінің нысандарын араладық. Біз оларға суару жүйесін жаңғыртуға арналған құрал-жабдықтар сатып алып жатырмыз. Біздегі суару жүйесінің жағдайы өте нашар. Сонымен қатар, 18 су ұңғымасын бұрғылау жоспарланған, – деді министр Мэдер Машиев.

Сөз арасында ол Бішкек пен Шу облысындағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленгенін де атап өтті. 

Сондай-ақ, М.Машиев ел астанасындағы смогпен күрестің негізгі шараларының бірі – "Б3Ш" маркалы (қоңыр көмір, шлак) көмірді сатуға тыйым салу екенін жеткізді. Өйткені, ол ауаға ең көп зиян тигізетін негізгі ластаушының бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу