Көрші ел Қазақстанның астық жүгін тексеруді қатаңдатып жатыр

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Көрші ел Қазақстанның астық жүгін тексеруді қатаңдатып жатыр Фото: kubnews.ru

ҚТЖ Қытай бағытында астық жүктерін тәулігіне 3 құрамға дейін тиеуге уақытша шектеулерге қатысты түсініктеме беріп өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚХР қазан айында жеткізілетін астықты тексеруді күшейте түскен. Соның салдарынан Қытай жағында Алтынкөл мемлекетаралық түйісу арқылы пойыздарды қабылдау тәулігіне 14-тен 10-ға дейін қысқарса, жекелеген күндері онда тек 6 пойыз қабылдануда. 

– ҚХР уәкілетті органдары Үрімші және Бейжің қалаларында сынамаларды іріктеу мен зертханалық талдауды қоса алғанда, астық жүктерін мұқият тексеруді жүргізеді. Тексеру 5-тен 10 күнге дейін созылады, – деп хабарлады ҚТЖ.

Аталған жағдай қазақстандық желіде Қытай бағытында келе жатқан экспорттық және транзиттік жүктері бар 3 мыңға жуық вагонның жиналуына әкеліп соқты. 

Инфрақұрылымның тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ҚТЖ контейнерлік поездарда жүретін жекелеген экспорттық астық жүктерін қабылдауға уақытша технологиялық шектеулер енгізіп отыр. Яғни, тәулігіне 3 пойыздан артығын қабылдамайды. 

– Қабылданған шара уақытша және мәжбүрлі сипатқа ие және жөнелтілімдерді ҚТЖ жауапкершілік аймағынан тыс қабылдаушы инфрақұрылымның нақты дайындығымен үндестіруге бағытталған, – деп түсіндірді компания өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу