Елде түрме жазасын қысқарту үшін кітап оқу бағдарламасы енгізілуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Парламент бұл бастаманы бірінші оқылымда мақұлдаған. Жобаға сәйкес, Қылмыстық кодекске сотталғандарды "Рухани түзету" туралы жаңа бап енгізу қарастырылған. Осы бағдарлама аясында сотталғандар арнайы бекітілген кітаптар тізімінен кітап оқып, кейіннен емтихан тапсыру арқылы әр оқылған кітап үшін жазасын қысқарта алады.
– Көркем әдебиетті оқу сотталғандарға өз сезімі мен эмоциясын түсінуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адамдардың да сезімі мен көзқарасын, олардың өмірге деген ұстанымы мен ұмтылысын ұғынуға көмектеседі, – деді елдің ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашрапов.
Оның сөзінше, Өзбекстандағы 49 түрменің барлығында кітапхана жұмыс істейді, ол жерлерде 230 мыңнан астам кітап қоры бар.