Көрші ел қытайлықтарды қуантатын жарлыққа қол қойды

Бұдан былай Қытай азаматтарына Ресейге визасыз кіруіне рұқсат берілмек. 

Көрші ел қытайлықтарды қуантатын жарлыққа қол қойды Фото: Фото: Михаил ФРОЛОВ

Мұндай жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Rbc.ru-дың жазуынша, жарлыққа сәйкес, 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін қытайлықтар онда жалпы азаматтық паспортпен визасыз кіріп, елде 30 күнге дейін емін-еркін жүре алады. Визасыз режим туристік, қонақтық, іскери мақсаттармен баруға, түрлі іс-шараға қатысуға немесе транзиттік өтуге рұқсат береді. 

Десе де, бұл тәртіп Ресейге жұмыс істеу, оқу, тұрақты тұру немесе халықаралық автокөлік тасымалы саласында қызмет көрсету мақсатымен келетіндерге жүзеге аспайды. 
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне еніп отыр. 

Еске салайық, Қытай да Ресей азаматтары үшін визасыз режимді 15 қыркүйектен бастап бір жылдық сынақ режимінде енгізген еді. Қос елдің келісіміне сай, визасыз жүріс 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасын табады. Ресей азаматтары да ҚХР аумағында 30 күнге дейін іскерлік, туристік, экскурсиялық мақсаттармен, және туыстары мен достарына бару аясында визасыз жүре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу