Көрші ел мал экспортына уақытша тыйым салды

Айыр қалпақты ағайын мұндай шешімді ара-тұра қабылдап тұрады. 

Көрші ел мал экспортына уақытша тыйым салды Фото: tazabek.kg

Осы жолғы басты себеп нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қырғызстан Республикасы Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі 31 қаңтардан бастап ведомствоға қарасты ветеринарлық қызмет ірі қара, ұсақ малды, сондай-ақ жылқы малын үшінші елдерге экспорттауға рұқсат беруді тоқтатып отыр. 

– 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін берілген рұқсаттар барлық тексеру аяқталғанша және нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізілгенге дейін уақытша тоқтатылды. Рұқсат беру процесінің қайта жанданғаны туралы қосымша хабарланады, – делінген ресми хабарламада. 

Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінде Қырғызстан "Жануарларды сәйкестендіру және қадағалау" жүйесінде ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіруді түгендеуге байланысты мал экспортын уақытша тоқтатқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу