Көрші ел Олимпиадаға тағы қатыса алмайтын болды

Ресми мәлімдемені Халықаралық олимпиада комитеті жасаған. 

Көрші ел Олимпиадаға тағы қатыса алмайтын болды Фото: MANAN VATSYAYANA/AFP via Getty Images

Ұйым Ресейдің Украинамен соғысына байланысты салынған тыйымы әлі де өз күшінде қалатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Демек, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Ресейдің спорттық командалары, соның арасында ұлттық хоккей құрамасы қатыспайды. 

ХОК аталған мәлімдемені ресейлік басылым мен сайттарда жарияланған Ресей хоккей федерациясы мен Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) арасындағы келіссөздерге қатысты нақтылап өткен. Сол үшін арнайы мәлімдеме де жасаған. 

Еске салайық, ол келіссөздер Ресей құрамасының Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін қарастыруға, соны талқылауға арналған еді. 

– 2023 жылдың наурызында ХОК атқарушы комитеті ресейлік төлқұжаты бар спортшыларға қатысты қабылдаған ұсыныс күшінде қалады. Жекелеген спортшылар бейтарап мәртебеде өнер көрсеткенімен, оларды команда деп есептеуге болмайды. IIHF бұл ұсынымды ұстанатынын растады, – деп жазылған ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу