Көрші ел өз ғарышкерін космосқа жіберуге жанталасып жатыр

Мұны іргелес мемлекеттің президенті айтып отыр.

Көрші ел өз ғарышкерін космосқа жіберуге жанталасып жатыр Фото: ЖИ

Жоспар толық жүзеге асса, өзбек ғарышкері тұңғыш рет ғарышты бағындырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің сөзінше, бұл процесс елдің дамуына айтарлықтай өз үлесін қосады. 

– Бүгін мен тағы бір маңызды жаңалықпен бөліскім келеді. Тәуелсіз Өзбекстан тарихында алғаш рет біз ғарышқа жасанды спутник және тұңғыш өзбек ғарышкерін, еліміздің азаматын ұшыру бойынша жұмыстарды бастадық. Бұл жаңа Өзбекстанның ғылыми-техникалық ілгерілеуіне серпін береді және тұтас ұлтымыздың дамуын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – деді ол. 

Көрші ел аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ІТ саласын одан әрі дамыта түспек. 

– Біз ІТ қызмет экспортын 2030 жылға қарай 5 млрд долларға жеткіземіз. Келесі жылы Бұхара, Ферғана және Ташкент облыстарында 4 деректер орталығы, 2 суперкомпьютер және жасанды интеллект зертханалары іске қосылады. Тиісінше, біз медицина, көлік, ауыл шаруашылығы, геология және қоғамдық қауіпсіздік сияқты маңызды салаларда 100-ден аса жасанды интеллект жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз, – деп хабарлады Шавкат Мирзиёев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу