Ел билігі оқушылар мен студенттерді міндетті медициналық тексеруден өткізуді қолға алуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжатта соңғы жылдары елде синтетикалық есірткі мен психотроптық заттарды қолданатын жасөспірімдер санының артқаны жайлы жазылған.
Жобаға сай, 9-11-сынып оқушылары оқу жылы ішінде үш рет есірткі мен психотроптық заттарды анықтауға арналған талдаудан өтуі керек. Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері оқу орнына мұндай тексеруден өткені туралы анықтама тапсыруы тиіс.
Ең маңыздысы, есірткі қолданғаны анықталған азаматтардың арнайы тізімі жасалады әрі есеп жүргізу ұсынылып отыр. Жаңа жүйені кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Алғашқы кезең 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алады. Пилоттық жоба ретінде тексерулер оқу орындары көп шоғырланған Бішкек және Ош қалаларында жүзеге аспақ.
Бастама авторлары бұл шараның өз жемісін беретініне сенімді. Осы арқылы "білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтеміз" дейді олар.