Көрші ел тәжік-ауған шекарасынан көп қауіп-қатер күтеді

Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қытай елшісі Фу Кунг тәжік-ауған шекарасын қатаң бақылауға алуға шақырды.

Көрші ел тәжік-ауған шекарасынан көп қауіп-қатер күтеді Фото: Нозим Каландаров / ТАСС

Ол аталған аумақта 10 қытай азаматының жарақат алғанына шағымданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Afghanistan International жазуынша, қытайлық дипломат өз сөзінде Ауғанстан аумағынан шыққан шабуылдар кезінде қытайлық азаматтардың қаза табуын, зардап шеккенін айыптады. Ол Талибан үкіметін осы оқиғаларды мұқият тергеуге шақырған, тіпті талап та еткен. 

Фу Кунг тәжік-ауған шекарасындағы бақылауды күшейтуді ұсынып отыр. Дипломат Бейжің аймақ елдерімен үйлестіру тетіктерін нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді. 

Осыған дейін Тәжікстан басшысы Ауғанстанмен шекарада қауіпсіздікті күшейтуді бұйырғаны да БАҚ-та көп жазылды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу