Көрші ел тұңғыш рет Айдың арғы жағындағы топырақты Жерге жеткізді

Қытай бұл зерттеуді әлі де жалғастыруға мүдделі. 

Көрші ел тұңғыш рет Айдың арғы жағындағы топырақты Жерге жеткізді Фото: Habr

Олар "Чанъэ-6" ғарыш аппаратын сәтті қондырып, Айдың топырақ үлгілерін Жерге әкелген әлемдегі алғашқы ел атанып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ғарыш миссиясы Айдың Оңтүстік полюс – Эйткен бассейнінде жүзеге асырылды. Осы аптада Қытай елі Ұлттық ғарыш күнін атап өтуде. Мерекелік іс-шара аясында Shanghai World Expo Center көрме орталығында Ай топырағының ерекше үлгілері тұңғыш рет көпшілікке көрсетілді. 

Осы жылдың 13 сәуірінде Жапонияның Осака қаласында басталған Дүниежүзілік көрмедегі (World Expo 2025) Қытай павильонында Айдың екі жағынан (жақын және алыс беті) алынған топырақ үлгілері бірінші рет бірге қойылды. Айдың алыс бетінің топырағының шетелде көрсетілуі – тарихи сәт. 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасы "Чанъэ-7" және "Чанъэ-8" миссияларымен жалғасын таппақ. "Чанъэ-7" миссиясы Айдың оңтүстік полюсіндегі су ресурстарын зерттеуге арналса, "Чанъэ-8" миссиясы Ай бетінде құрылыс технологияларын сынақтан өткізуге бағытталған. Бұл болашақта Айда халықаралық ғылыми-зерттеу станциясын салуға негіз болуы ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу