Алдағы 5 жылдықта қытайлықтар 100 мыңға жуық әуе таксиі қызметіне көшеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл болжам Қытайдың экономиканы зерттеумен байланысты альянс есебінде айтылып отыр. Яғни, 2030 жылға таман көрші елде 100 мыңға жуық ұшатын электронды аппарат (eVTOL) отбасылық көлік немесе әуе таксиі ретінде пайдаланылмақ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, алдағы 2-3 жылдың ішінде Қытайдың ірі қалаларында eVTOL көлікке арналған желі мен оған қызмет көрсететін орындардың құрылысы аяқталады.
Бұған дейін отандық БАҚ-та Қытайдың Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауытының құрылысы жүріп жатқаны хабарланған еді. Зауыт "Құрлықтағы авиатасымалдағыш" үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығармақ. Зауыт өнімділігі жылына 10 мыңға дейін көлік дайындауға қауқарлы көрінеді. Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы жыл аяғында басталады.