Қазір астероид 48 миллион шақырым қашықтықтан Жерге қарай ұшып келеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
2024 YR4 деп аталатын астероидқа қатысты қытайлық астрономдар нақты қауіп деңгейін анықтауды күшейтпек. Lianhe Zaobao басылымы Қытай Жерге жақын астероидтарға қарсы қорғаныс жүйесін құруға кірісіп кеткенін жазды.
Десе де, көрші елдің астрономдары жұртшылықты аталған болжамға бола дүрлікпеуге шақырады. Бірақ, астероидтың орбитасын мұқият бақылау және нақты траекториясын есептеу маңызды. Шынында қауіп сезілсе және ол дәлелденсе, қорғаныс стратегиялары дайын тұр. "Жерге жақын астероидтарға қарсы қорғаныс жүйесін" құруды Қытай қолға алуды бастаған.
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш әкімшілігі (NASA) жуықта 2024 YR4 астероидының 2032 жылы Жерге соқтығысу ықтималдығы 2% екенін хабарлаған. Айта кетейік, аспан денесі алғаш рет 2023 жылдың 27 желтоқсанында анықталған еді.
Қазіргі астероид 48 миллион шақырым қашықтықтан Жерге қарай ұшып келеді. Астероидтың Жерге соқтығысу ықтималдығы өте төмен болса да, ғалымдар мұқият бақылауды тоқтатар емес.
Ғалымдар бұл астероидтың диаметрі 40-90 метр аралығында екенін айтқан. Сондықтан, ол "Жаналғыш" деңгейіндегі астероидтар қатарына саналмайды. Аталған деңгейіндегі астероидтардың диаметрі – 1 шақырым не одан да үлкен ғарыш тастары. Олар Жердегі тіршілікке, адамзатқа өте үлкен қауіп төндіреді.