Көрші елде қайтыс болған адамның үйінде мал сойып, ас беруге тыйым салынды

698

Әңгіме айыр қалпақты ағайындар туралы болып отыр.

Көрші елде қайтыс болған адамның үйінде мал сойып, ас беруге тыйым салынды Фото: e-history.kz

Қырғызстанда қайтыс болған адамның үйінде бастапқы үш күнде мал сойып, ас беруге тыйым салынды. Елдің мүфтияты осындай пәтуа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша көршілес ел ысырыпшылдықпен күрескелі жатыр. 

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, Ислам шариғаты бойынша қайтыс болған адамды жерлеген үйде үш күнге дейін жоқтау айтылып, туған-туыс пен көрші-қолаң оларға көңіл айтады.

"Олар мал соймайды, тамақ бермейді. Қайғылы жағдай болған үйдің көршілері осы үйдегі адамдарға көңіл айтып, ал туыстары тамақ әкеледі. Бұл – көршілер мен туыстардың міндеттері", – дейді мүфтият.

Мүфтияттың түсіндіруінше, марқұмның артында жас балалар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жерлеу рәсіміне келушілер үшін мал сойып, тамақ беруге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу