Көрші елде жалқаулармен жұмыс істейтін клиника ашылды

Бұл туралы алғашқылардың бір болып South China Morning Post (SCMP) басылымы хабарлады.  

Көрші елде жалқаулармен жұмыс істейтін клиника ашылды Фото: Дзен

Бір қызығы, аталған идеяны балалары "мектепке барғысы келмеген" ата-аналар ұсынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, жұмысқа барғысы келмейтіндерді емдейтін клиника қызметкерлері тұрғындарға мазасыздық, депрессия және шаршау сияқты мәселені жеңуге көмектеседі. 

– Бұл сыртқы белгілер көбіне күрделі психологиялық немесе әлеуметтік факторлардан туындайды. Біздің міндетіміз – маман ретінде осы себептерді анықтап, жүйелі түрде бағалап, диагноз қойып, емдеу мен қолдау көрсету, – деді клиника басшысы Юэ Лиминь.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бастаманы әуелгіде әзіл ретінде қабылдаған. 
Бір оқырман "Бұл клиниканы ойлап тапқан адам – нағыз данышпан!" деп жазса, енді бірі "Клиникаға кіресің де, ешқандай дәрігер көрмейсің, себебі олар да жұмысқа келгісі келмейді" деп қалжыңдаған. 

Осыған дейін отандық БАҚ-та Қытайда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған эксперименттік хирургияға тыйым салынғаны белгілі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу