Көрші елдердегі жағдайды пайдаланған бизнесмендер жазасыз қалмайды

1141

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көрші елдердегі төтенше оқиғалар кезінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрілік заттар, құрылыс материалдары және бағаның қатты құбылмалылығына ұшыраған басқа да ахуалды мұқият қадағалап отыратынын хабарлады. 

Көрші елдердегі жағдайды пайдаланған бизнесмендер жазасыз қалмайды

Агенттік бизнесті дүрлігуге жол бермеуге шақырады. Бағаны белгілеу, сөз байласу, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері жазасыз қалмайтынын ескертеді.

"ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, монополиялық кіріс тәркiлене отырып, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсiмнiң 3%-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5%-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу