Көрші мемлекет өзге елдердің төлқұжатын шығаруды қолға алды

Мұндай процесс өткен жылдан бері бастау алған. 

Көрші мемлекет өзге елдердің төлқұжатын шығаруды қолға алды Фото: Blake Guidry on Unsplash

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Кabar ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қаныбек Тұманбаевтың сөзінше, көрші мемлекет былтырдан бастап жалпы азаматтық төлқұжаттарды өзі шығара бастаған.

– Бұдан басқа, біз тағы екі мемлекеттің төлқұжатын дайындауға тапсырыс алдық. Бұрын басқа елдерде төлқұжатты ақша төлеп рәсімдейтін болсақ, қазір басқа елдер бізге тапсырыспен жүгініп жатыр, – дейді Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы.

Осылайша, Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығаруды қолға ала бастады.

Бұған дейін Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болатынын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу