Көрші мемлекетте тағы бір қаланың тұрғыны 10 миллионнан асты

Мұндай мәліметті Аньхой провинциясының статистика бюросы жариялап отыр.

Көрші мемлекетте тағы бір қаланың тұрғыны 10 миллионнан асты Фото: РАСПП

Қытайдың 18-інші қаласында тұрғындар саны 10 миллионға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lianhe Zaobao басылымына сілтеме жасап. 

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай Аньхой провинциясында тұрақты халқы саны 61,23 миллион адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 20 мың адамға көбейген. Провинциядағы туу коэффициенті – 6,17%, өлім коэффициенті – 8,41%, табиғи өсім көрсеткіші – 2,24% болған.

Провинция орталығы Хэфэйдің тұрақты тұрғындарының саны 10 миллион адамнан асқан. Осылайша, қала тарихында халық саны тұңғыш рет осы межені бағындырып отыр.

Хэфэй – Қытайдағы халық саны 10 миллионнан асқан 18-ші қала. 

Ресми статистика мәліметтерінде (2024 жылдың қорытындысы – ред.) Қытайда халқы 10 миллионнан асатын 17 қала болған. Олар – Чунцин, Шанхай, Бейжің, Чэнду, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Ухань, Тяньцзинь, Сиань, Сучжоу, Чжэнчжоу, Ханчжоу, Шицзячжуан, Линьи, Дунгуань, Чанша және Циндао. Енді бұл қатарды Хэфэй толтырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу