Көршілерін улаған тұрғын 5 жылға сотталды

522

Оқиға орнында 39 химиялық таблетка табылды.

Көршілерін улаған тұрғын 5 жылға сотталды Фото: Inbusiness.kz

Ақтау қалалық сотында пәтеріне қандалаға қарсы у шашып, абайсызда көршілерін өлтіріп алған адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

48 жастағы тұрғын былтыр 21-ші қазанда пәтеріне қандалаға қарсы у шашқан.  Химиялық препараттан бөлінген аммиак жоғары қабаттағы пәтерге тарап, 10 айлық сәби мен 2 жасар бала көз жұмған. Дезинфекция жүргізген 1976 жылы туған пәтер иесі кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья пәтер иесін Қылмыстық кодекстың 304-ші бабы 3-бөлігі яғни "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін соттады. Сот үкімімен марқұм болған балалардың отбасы келісіп отыр. 

"Бүгінгі сот сол іс өз мәресіне жетті деп оайлаймын. Енді істің анық-қанығына толыққанды қосыламын. Ешқандай арыз-шағымым жоқ.  Менің сотқа, сотталушыға да ешқандай арыз-шағымым жоқ. Сот өз мәресіне жетті, соттың үкіміне келісемін", - деді марқұм балалардың әкесі Жанболат Келмеденов.

Айта кетейік, тексеріс жүргізген санитар мамандар пәтер иесінің химиялық препаратты Алматыдағы базарлардың бірінен алғанын анықтаған. Оқиға орнында 39 химиялық таблетка табылды. Мамандар пәтерді өз бетінше дезинфекцияламай, тек арнайы мамандардың қызметіне жүгіну керек екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу