Бір киловатт энергияның құны 450 сумға көтеріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты Интерфаксқа сілтеме жасап.
Қазіргі баға – 295 сум. Тарифті жоғарылату мәселесі елде кеңінен талқыланып, 2 мәрте кейінге шегерілген. Тариф саясаты елдегі энергетикалық нысандарды жөндеуге және жаңа қуат көздерін ашуға жұмсалмақ.
Биыл Өзбекстан гидроэнергетика саласында қуаты 1 млрд киловват болатын 38 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Осылайша, көрші ел судан алатын энергияның да үлесін арттырмақ. Осы мақсатта инвестор тарту да көзделген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу