Көршілес Ресейде көмір саласы тоқырау алдында

377

Нарықтағы компаниялардың қарызы 34 миллиард рубльге жақындады.

Көршілес Ресейде көмір саласы тоқырау алдында Фото: Российская газета

Әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі, логистикалық өзгерістерге байланысты компания шығындарының өсуі мен салық төлемдерінің өсімі – саланың құлдырауына әкелген негізгі себептер. Оған қоса екі жыл ішінде санкциялар салдарынан экспорттық кіріс 400 миллиард рубльге дерлік қысқарған, деп жазады inbusiness.kz сайты "АЦ ТЭК" мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта нарық ойыншыларын қолдаудың қосымша шараларын енгізу мәселесі талқылануда.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новактың айтуынша, Ресейдің энергетикалық саласы жылына кемінде 200-300 мың жұмысшыны қажет етеді, алайда бүгінгі еңбек нарығында жұмыс іздеушілерге қарағанда жұмыс орындары көп. Жалпы көмір, мұнай-газ өнеркәсібі мен электр энергетикасын қосқанда энергетика саласында барлығы 2,7 миллион Ресей азаматы жұмыс істейді. Новак энергетика саласына ең алдымен инженерлік-техникалық мамандар қажет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу