"Көршісінің қойын ұрлаған": Түркістан облысында күдікті ұсталды

103

Ұрлықшы ауыл тұрғыны болып шықты.  

"Көршісінің қойын ұрлаған": Түркістан облысында күдікті ұсталды Фото: qyzylqoga.kz

Ордабасы ауданында полицейлер жергілікті тұрғынның 10 бас қойын жайылымнан ұралды деген күдікпен 21 жастағы жігітті ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол күндізгі уақытта көршісінің қойларын ұрлап, ізін жасыру мақсатында көрші ауылға апарып, арзан бағаға сатқан.

Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек тағы 2 мал ұрлығына қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілерге 3 миллионнан астам шығын келген. Полиция қызметкерлері қолды болған ұсақ малдарды тауып, заңды иелеріне тапсырды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу