Астана қаласының тәртіп сақшылары жеке үйден плазмалық теледидар ұрлаған күдіктіні тапты.
Жедел іздестіру шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын ұрлық қылмысына күдікті деп анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көршілерінің қалада жоқтығын білген ер адам қылмыстық ниетті жүзеге асыруға шыққан. Түнде шабуылдаушы терезені сындырып, ішке кіріп кеткен.
Сөйтіп үйден құны 190 мың теңге тұратын Fion теледидарын алып кеткен. Ол ұрланған заттарды өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.
Қазіргі уақытта ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.