Көршісінің үш қойын ұрлап, 5 жылға сотталды

1328

Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны көршісінің үш қойын ұрлап, түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көршісінің үш қойын ұрлап, 5 жылға сотталды Фото: freepik

“Сотталушы 2023 жылдың желтоқсанында көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, қойларды арзан бағаға сатқан. Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу