Алматы облысының қорығында елік атқан адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Талғар ауданының мемлекеттік қорығының аумағында заңсыз аң аулаған Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Браконьерден еліктің еті мен мылтық тәркіленді.
Анықталғандай, алматылық тұрғынның атыс қаруын алып жүруге, сақтауға және пайдалануға ешқандай құжаты болмаған.
Тәртіп сақшылары заңсыз аң аулау дерегін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, күдіктіні полиция бөліміне тексеру үшін жеткізді. ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу