Қорықтағы қоңыр аюды дронмен видеоға түсіріп алды

1098

Тамаша кадрдың авторы алматылық видеограф Әділет Рахметолла. Бейнежазба Ақсу-Жабағылы қорығында түсірілген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қорықтағы қоңыр аюды дронмен видеоға түсіріп алды

Қорық Талас Алатауы жотасының батысы, Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби және Бәйдібек аудандары, Жамбыл облысының Жуалы ауданын қамтиды. Жалпы ауданы 131 934 га жерді алып жатыр.

Ақсу-Жабағылы – жануар мен өсімдіктердің сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар түрлерінің қазынасы. Мұнда тауешкі, марал, елік, сілеусін, ілбіс (қар барысы), қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, ақкіс мекендейді. Қоңыр аю Қызыл кітапқа енгізілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу