"Қорытынды жасауға әлі ерте": Министр қызу пікір тудырған құжат туралы айтты

Заң жобасы бойынша жұмыс тобы енді ғана өз жұмысын бастамақ. 

"Қорытынды жасауға әлі ерте": Министр қызу пікір тудырған құжат туралы айтты Фото: inbusiness.kz

16 қаңтар күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысуы туралы заң жобасы таныстырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Оның жазбасына сәйкес, заң жобасының негізгі мақсаты – "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және барлық билік тармақтарының ашықтығы деңгейін арттыру.

""Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылаулар өткізу және депутаттық заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау мәселесі төңірегінде қызу пікірталас болды.

Қазіргі кезде қорытынды жасауға әлі ерте екенін айта кеткім келеді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобы енді ғана өз жұмысын бастамақ.

Үкімет депутаттық корпуспен бірлесіп, талқылаулардан кейін екі жаққа да қолайлы шешім шығарады деп пайымдаймын", – деп түсіндірді министр әлеуметтік желідегі ақпаратында.

Еске сала кетейік, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдан бері қолданыста және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ, ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кету керек, 16 қаңтарда депутаттар ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заң жобасындағы түзетуге қарсы шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу