Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

879

Павлодар облысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алып хабарламау фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

– Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс жасалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу