Қос азаматтығы бар азаматтар жазаға тартылды

497

Өткен жылы елімізде 753 адамның қос азаматтығы бар екені анықталған.  

Қос азаматтығы бар азаматтар жазаға тартылды Фото: baq.kz

Бұл туралы 2022 жылы Көші-қон саласындағы жұмыстар жайлы баспасөз-мәслихатында Астана Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова мәлімдеді, деп жазады inbsuiness.kz.

Оның айтуынша, азаматтардың қос азаматтықпен жүруіне қарсы шаралар қабылданған.

Жалпы, Анар Жомартованың айтуынша, былтыр Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 5 мың 917 шетел азаматы анықталды. Өткен жылы сот шешімімен 1 143 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.

"Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 5 шетелдік елден қуылды. Қазақстанға шақырып, олардың мемлекетіміздің аумағында болу ережелерін орындауын қамтамасыз етпеген 1 278 еліміздің азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 113 жұмыс беруші жауапқа тартылды", - деді Анар Жомартова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу