Қос азаматтығы бар тәжікстандықтар Ресейден шыға алмай жатыр

479

Ресейдегі тәжікстандықтар әскерге шақырыла бастады

Қос азаматтығы бар тәжікстандықтар Ресейден шыға алмай жатыр Фото: google.com

Қос азаматтығы бар және әскерге электронды шақырту алған Тәжікстан азаматтарына Ресейден шығуға шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Азаттық радиосының" тәжікстандық қызметіне сілтеме жасап.

Оларға Ресейден шығуға тыйым салынғанын тәжікстандықтар "Мемлекеттік қызметтер" порталынан білген.

Ресей Мемлекеттік Думасы бір күн бұрын жаңа заң жобасын қабылдады, оған сәйкес армияға немесе балама Азаматтық қызметке шақырылған адамдар Ішкі істер министрлігінің немесе ХҚКО көші-қон бөліміне паспортты сақтауға тапсыруы керек. Паспортты тапсыруға Комиссия шақыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бес күн беріледі. Әскери қызметтен кейін төлқұжаттарды қайтарып алуға болады.

Құқық қорғаушы Валентина Чупиктің айтуынша, қазір электорынды әскери шақырту алғандардың қатарында қос азаматтығы барлар жетерлік. Ресей Украинаның қарсы соққысын күтіп отырғанын ескерсек, оларды тура ұрыс алаңына жіберуі әбден мүмкін. Ол Ресей қос азаматтығы бар жандарды соғыстың алдыңғы шебіне қойып, қорған ретінде қолданады деп болжайды.

"Әскерге шақырту алмағандар дереу ұлттық төлқұжаттарымен елден кетуі керек. Жасыңыз бен денсаулық жағдайыңызға, көпбалалы екеніңізге, әскерде болмағаныңызға сеніп, қалып қалмаңыздар! Ал шақырту алғандар бұдан былай ресми жұмысқа тұрып, зейнетақы алып, бақуатты өмір сүре алмайды", - деді құқық қорғаушы.

Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин қаңтарда қос азаматтығы бар адамдар Украинада соғысуы керек деп мәлімдеді. Оның мәліметінше, соңғы бес жылда Тәжікстаннан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан жарты миллионнан астам адам ресейлік төлқұжат алды, енді олардың алдында "елді қорғау міндеті" тұр. Ол сондай-ақ соғысқа қатысқан мигранттарға Ресей Федерациясының азаматтығын алудың жеңілдетілген процедурасын енгізуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу