Қос азаматтық алуға жол берілмейді

1457

Мәжіліс "Қазақстан мен Әзербайжан үкіметтерінің көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. 

Қос азаматтық алуға жол берілмейді

"Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Нақты айтсақ, статистика мен ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке мәлімет алуға, практикалық көмек көрсетуге, заңсыз көші-қон жолын жоюға жағдай жасайды", – деді депутаттарға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетейік, келісімге 2019 жылы 14 қазанда Баку қаласында қол қойылды. 
Әзербайжан парламенті келісімді 2019 жылы 14 желтоқсанда бекітті. 
Министрдің мәлімдеуінше, 2018 жылы Қазақстанға Әзербайжаннан 50 мың, 
2019 жылы 48 мыңнан астам азамат келді. Қазақстаннан Әзербайжанға 2018 жылы 28 мың, 2019 жылы 29 мың азамат барды. Былтыр бұл көрсеткіш 5 мың адамға азайды. 

"Ішкі істер министрлігі көші-қон бойынша 23 халықаралық келісімге қол қойды. Халықаралық деңгейде тағы 8 келісім әзірленіп жатыр. Келісім аясында заңсыз көші-қон бойынша ақпарат алмасу, адамдарды басқа елдерге қайтару, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі, қос азаматтыққа жол бермеу мәселелері шешілді", – дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу