Қос азаматтықпен жүрген Алтай тұрғыны елден шығарылды

336

Енді ол алдағы 5 жылда Қазақстан аумағына кіре алмайды. 

Қос азаматтықпен жүрген Алтай тұрғыны елден шығарылды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы облыс аумағында тұратын қос азаматтығы бар тұрғындарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Жыл басынан бері Қазақстан азаматтығынан айырылудың 250-ден астам фактісі тіркелген. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының азаматтығын алған адамдар. Шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тамыз айында көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2023 жылдың шілдесінде көрші елдің азаматтығын алып, бұл туралы билік өкілдеріне хабарламаған. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жас жігіттен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес енді шетелдік азамат Қазақстанға алдағы 5 жылда кіруге болмайды. ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтіні туралы еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу