Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Улан-Удэде өтіп жатқан әлем чемпионатынан екі қола еншіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.
64 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Милана Сафронова жартылай финалда италиялық Анджела Кариниге есе жіберіп, ақтық сынға өте алмады. Ал 81 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Дина Исламбекова қытайлық Ксиаоли Янгтен ұтылды.
Осылайша, бокстан Қазақстан командасы әлем біріншілігін екі қола жүлдемен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу