Қос боксшымыз чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

573

Қос боксшымыз чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

12 мамыр күні екі бірдей боксшымыз – Ернар Ешенов пен Александр Журавский Лондонда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жастағы Ешенов бірінші орта салмақтағы WBC Youth Silver белбеуін сарапқа салады. Бұл беубеу оған келесі жекпе-жекте WBC чемпионы титулына таласуға мүмкіндік береді. Ал оның қарсыласы – Шотландияның 23 жастағы боксшысы Майкл МакГурк.

32 жастағы Журавский британиялық Стивен Даньомен кездеседі. Бұл жолы орта салмақтағы WBO European белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Ернар Ешенов кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы 8 жекпе-жек өткізген. Ол да барлық кездесуінде жеңіске жеткен, екеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Александр Журавский кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп, 13-інде жеңген (11 нокаут), екі рет жеңілген. Ал қарсыласы Стивен Даньо 11 жекпе-жекте жеңіске жетіп, үшеуін тең аяқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу