Қос боксшымыз Украинада топ жарды

937

Қазақстандық екі боксшы Украинада өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Украинаның Кривой Рог қаласында бокстан КСРО спорт шебері Александр Асауленконы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 52 келіде Әбдіқадір Дамир мен 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Дархан Дүйсебай топ жарды. 

Аталған дүбірлі додаға Қазақстан, Украина, Молдова, Израиль, Швейцария және Сенегалдан былғары қолғап шеберлері қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу