Қос гимнастшымыз халықаралық турнирде жүлделі болды

842

Ересектер арасындағы көпсайыста Адиля Тілекенова екінші орынды иеленді. Ал Роза Абитова үшінші орынға тұрақтады.

Қос гимнастшымыз халықаралық турнирде жүлделі болды

16-18 ақпан аралығында Венгрия астанасы Будапештте көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл сында Қазақстан атынан командалық есептегі Азия ойындарының чемпионы Адиля Тілекенова мен жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Роза Абитова өнер көрсетті. 

Ересектер арасындағы көпсайыста Тілекенова екінші орын иеленді. Ол ресейлік Анастасия Михайловаға ғана есе жіберді. 

Ал Роза Абитова жүлдеді үшінші орын иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. 

Еске сала кетейік, осы аралықта Мәскеуде өткен Гран-при кезеңінде Алина Әділханова 19-шы орын иеленді. Топтық жаттығуда Қазақстан құрамасы екі рет үздік бестікке енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу