Қос қазақ финалда кездеседі

715

Бүгін Испания астанасы Мадридте каратеден Премьер-лига турнирі басталды.  

Қос қазақ финалда кездеседі

Жылдың ең соңғы ресми жарысы қазақстандықтар үшін сәтті басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде ерлерден 60, 67 және 75 келіде, қыздардан 50, 55 келідегі спортшылар бақ сынауда. Алғаш болып 60 келіде финалға шыққан спортшылар анықталды. 
Осы салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай мен Дархан Асаділов финалға дейін сүрінген жоқ. 

Қайсар Жапония және Гонконг спортшыларын жеңген соң, әлем чемпионы, италиялық Анджело Кречензоны ұтты. Қазақстандық каратеші 6:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионына айла қалдырмаған. Ал жартылай финалда Қайсар Марокко өкілін жеңді. 
Олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған Дархан Асаділов Буркино-Фасо, Уругвай, Венесуэла спортшыларынан басым түсті. Ал жартылай финалда олимпиадалық рейтингте 4-ші орында тұрған түркиялық Самдан Ераиді ұтты.  Осылайша, Премьер-лига турнирінің ақтық сынында екі қазақ спортшысы айқасады.

Айта кетелік, Мадридтегі жылдың қорытынды турниріне әлемнің 79 мемлекетінен 800 спортшы қатысып жатыр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу