Қос Корея Азия ойындарында ортақ команда құрады

666

Пхенчхан Олимпиадасында да қос елдің спортшылары бір құрама ретінде сынға түскен болатын. Тіпті осы мақсатта біріккен Кореяның туын жасап шығарды.

Қос Корея Азия ойындарында ортақ команда құрады

Оңтүстік және Солтүстік Кореяның спортшылары алдағы Азия ойындарына бір команда құрып қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қазірдің өзінде солтүстік кореялық 30 спортшы  Оңтүістік Кореяға келіп, бірлескен оқу-жаттығу жүргізе бастады. Олардың басым бөлігін ескек есушілер мен баскетболшылар құрайды.

Айта кетейік, өткен Пхенчхан Олимпиадасында да қос елдің спортшылары бір құрама ретінде сынға түскен болатын. Тіпті осы мақсатта біріккен Кореяның туын жасап шығарды. Ал алдағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек арасында Индонезия астанасында өтеді. Жазғы спорт өкілдері үшін ол жылдың басты бәсекесі болып саналады.  

"Бұл өте құптарлық бастама. Тек спортшылар ғана емес, қос елдің халқы да осылай бір-біріне жақын болуы керек. Өйткені мақсаттарымыз ортақ және оны бірлесіп бағындырғанымыз абзал. Менің ойымша, бұл қадамдар бейбітшілік пен келісімге бастайды", - дейді Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрі То Чонхван.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу