Қос Корея саммит өткізуге дайындықты бастады

965

Қос Корея саммит өткізуге дайындықты бастады

Оңтүстік және Солтүстік Корея өкілдері 27 сәуірде саммит өткізуге уағдаласты. Осы мәселені талқылаған кездесу ортақ шекарадағы Пханмунджом елді мекенінің Солтүстік Кореяға қарасты бөлігінде өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Пхеньяндық тарапты отанды біріктіру комитетінің төрағасы Ли Сон Гвон бастап келген. Ал Сеул делегациясына елдің ұлтты біріктіру министрі Чо Мен Гюн жетекшілік етеді.

Айта кетейік, бауырлас екі Корея арасындағы қарым-қатынас биылғы жыл басталғалы жақсарып келеді. Ақпан айында Оңтүстік Кореяға Солтүстік Кореяның жоғарғы лауазымды тұлғалары келіп, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қастысты. Олардың қатарында Ким Чен Ынның қарындасы да бар.  Іле шала оңтүстік кореялық делегация Пхеньянға келіп кетті. Осылайша қос Кореяның басшылары саммит өткізуді ұйғарды. Сондай-ақ Солтүстік Корея басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін жеткізді. Ол бірер күн бұрын Бейжіңге келіп, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездескен. Бұл оның билікке келгелі бері шетелге жасаған алғашқы сапары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу