Қос мегаполис пен 3 өңір "қызыл" аймақта

768

2021 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

Қос мегаполис пен 3 өңір "қызыл" аймақта

Өткен тәулікте елімізде 1672 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 556-сы – елордалық. Бас қалада эпидемиологиялық жағдай күрделеніп, карантин тәртібі қатаңдатылды. Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақтардың "көшін" бастап тұр.

"Қызыл" аймақта, сондай-ақ, Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. ⠀

Ал "сары" аймақта Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары болса, "жасыл" аймақта Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу