Қос министрлік ет өндірісінде үш бренд қалыптастырмақ

1084

Қос министрлік ет өндірісінде үш бренд қалыптастырмақ

ҚР инвестиция және даму министрлігі  мен ауыл шаруашылығы министрлігі бірігіп ет өндірісін дамыту мақсатында жаңа үш бренд құрады. Бұл туралы инвестици және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев хабарлады, деп жазды 7kun.kz.

"ИДМ ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп үш брендті құру және тіркеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Олар: "KazMeat", "QazaqOrganicFood" және "HalalKazakhstan" брендтері. Жаңа өндіріс ет өнімдері өнірісін дамытуға бағытталған", — деп атап өтті Алик Айдарбаев.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің потенциалы толық пайдаланылып отырған жоқ.

"Мұндай брендтер арқылы ауыл шаруашылығы бойынша қазақстандық таур өндірушілер өз өнімдерін шетелге шығара алады. Әрине, брендті құрып, тіркеп қою аздық етеді. Сондықтан оны шетелде танымал етуіміз керек. Ол үшін біз бірқатар шаралар кешенін құрастырдық. Одан бөлек, биоөнім, экоөнім және табиғи өнімдер дегеніміз не? Осылардың нақты стандарттарын жазып, басқа елдер соны мойындайтындай болу керек. Сонымен қатар, шетелде презентациялар, жарнамалар жасап, көрмелер ұйымдастырып отандық өндірушілерге өз өнімін алға жылжытуға көмектесу қажет", — деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу