Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Бүгін, 27 маусымда Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы Үкімет үйінде өткен болатын. Күн тәртібіне Конституциялық соттың "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жолдауы, ҚР Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері мен Қазақстанның орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы туралы мәселелер шығарылды.