Қос палатаның бірлескен отырысы өтеді

881

Осы аптаның басында ғана Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы ұйымдастырылып, онда былтырғы бюджеттің атқарылуы талқыланған еді.

Қос палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламенттегі қос палатаның бірлескен отырысы өтеді. Бұл жолы сессияның жабылып, депутаттардың тиісті демалысқа шығуымен байланысты, деп хабарлайды Atameken Business.

Хабарламада Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қол қойған өкіміне сәйкес жиын 2020 жылдың 30 маусымында, сағат 10:00-де өтеді деп жазылған.

Айта кетсек, осы аптаның басында ғана дүйсенбіде Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы ұйымдастырылып, онда былтырғы бюджеттің атқарылуы талқыланған еді. Алайда қазынаның кіріс-шығыны айтылған шара тікелей эфирде көрсетілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу