Қос спортшымыз "Masters" турнирінің кіші финалына шықты

638

Қола жүлде үшін күресте Елдос Сметовтың қарсыласы ресейлік Роберт Мшвидобадзе болса, Ғұсман Қырғызбаев өзбекстандық Шарафоддин Лутфиллаевпен белдеседі.

Қос спортшымыз "Masters" турнирінің кіші финалына шықты

Қазақстандық дзюдошфлар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев әлемдік әлемдік "Masters" турнирінің кіші финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақта белдесетін команда көшбасшысы Елдос Сметов жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригостан жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.

Ширек финалда жеңіліс тапқан Ғұсман Қырғызбаев болса, жұбаныш белдесуінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді ұтып, кіші финалға шықты.

Қола жүлде үшін күресте Елдос Сметовтың қарсыласы ресейлік Роберт Мшвидобадзе болса, Ғұсман Қырғызбаев өзбекстандық Шарафоддин Лутфиллаевпен белдеседі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу