Қос табиғат қорғаушысы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды

1559

Оның бірі браконьерлермен күресте қаза тапқан еді.

Қос табиғат қорғаушысы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды

Браконьерлермен күресте батылдық танытқан, қызметтік борышын адал атқарып, жанқиярлықпен алысқан табиғат қорғаушы инспекторлар Ницык Петр Алексеевич пен қаза тапқан Ерлан Нұрғалиев мемлекеттік наградалармен наградталды. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

Ницык Петр Алексеевич - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) – Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  

           Президенті                                                                            Н.Назарбаев 

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 31 қаңтар

             № 830

Еске сала кетсек, Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан броконьерлердің соңынан қуған инспекторлардың бірі соққыға жығылып, екіншісі кісі қолынан 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді.

Кейін Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу