Қосалқы бөлшектері ұрланған 120-дан астам жеделсаты істен шыққан

473

Ақтауда 124 лифт жарамсыз күйде тұр.

Қосалқы бөлшектері ұрланған 120-дан астам жеделсаты істен шыққан

Бұл жайт көп қабатты үйлердің тұрғындарын алаңдатып отыр. Қазір 10 жеделсатының қосалқы бөлшектері ұрлануына байланысты істемей қалған. Бір ғана құрылғының шығын көлемі 5 млн теңгеден асады. Қаскөй ұсталса, сынған лифтіні өз есебінен қалпына келтіруі міндеттелмек.  

Шаһардағы биік үйлердің тұрғындарына мініп-түсу оңай болмай тұр. Әсіресе, егде жастағы адамдар мен балалы әйелдерге қиын. Жұмыс істеп тұрған жеделсатының өзі жиі бұзылады, шағымдарымыз жауапсыз қалады дейді тұрғындар.  

"Біздің лифт біраз жылдан бері жұмыс істемейді. Оны ешкім жөндеп жатқан жоқ. Мұны біреудің ашқанын, тіпті шахтаны да тексергенін ешқашан көрген емеспіз. Барлығы ақшасын төлеуге дайын. Бірақ жасап беретін маман жоқ", – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Тыныштық Әбдиева.

Жергілікті билік бұл мәселемен жақсы таныс. Бірақ қолдан келер қайран жоқ.  

"Қаланың биік тұрғын үйлерінде барлығы 938 лифт бар. 550-і ескі үлгіде, 388-і смарт-карталардың көмегімен жұмыс істейді. Қала әкімдігінің балансында 278 лифт тіркелген. Солардың күтімі қарастырылған", – дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бақтияр Мақсатов.

Өткен жылы қалалық бюджет есебінен 15 жеделсаты ауыстырылды. Биыл тағы да осыншама лифт жаңартылады. Шенеуніктер қаражат бөлінсе, апатты лифтілердің орнын кезең-кезеңмен ауыстырмақ.  

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу