Қосарланған салыққа қатысты заң қабылданды

699

Ел бюджетінің мүддесін қорғау қажет. 

Қосарланған салыққа қатысты заң қабылданды

Сенатта "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңы қабылданды

"2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралуымызға енгізіліп отыр. Аталған хаттама 2019 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтанда және Люксембургте жасалған. Қолданыстағы Конвенцияға толықтыру енгізу дивиденттерді олар мемлекеттік иелік етумен байланысты болған кезде салық алудан босату арқылы ел бюджетінің мүдделерін қорғау қажеттігінен туындап отыр. Нәтижесінде дивиденттердің іс жүзіндегі иесі Үкімет немесе орталық не жергілікті билік органы, Орталық (Ұлттық) банк немесе Үкіметке толығымен тиесілі кез келген басқа мекеме болып табылған жағдайда, кіріс көзі мемлекетінде дивиденттерді салық салудан босату көзделеді"  деді отырыста сенатор Ғұмар Дүйсембаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу