"Қош болыңдар": Атырауда 5 күн бұрын жоғалған кеткен жасөспірім көпірден секірген болуы мүмкін

803

2007 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы 6 сәуірде белгілі болды.  

"Қош болыңдар": Атырауда 5 күн бұрын жоғалған кеткен жасөспірім көпірден секірген болуы мүмкін Фото: baigenews.kz

Атырауда бес күн бұрын үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен 16 жастағы жергілікті тұрғын Әсемай Қазбекованы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Жасөсіпірмнің жоғалып кеткені туралы 6 сәуірде белгілі болды. Артынша бірден қызды іздеу жұмыстары басталып, полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер іздеуге шықты. Өкінішке қарай, іздеу нәтижесіз болды. 

10 сәуірде кешке Әсемай көпірден секіріп, суицид жасағаны белгілі болды. Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова Facebook-парақшасында хабарлады. 

"Бейнебақылау камерасына Әсемайдың көпірге шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Ары қарай не болғанын біле алмадық. Жеке тұрғын үйде тұрған камерадан көреміз бе деп ойладық, алайда үй иесі бірнеше күн бойы үйінде болмады. Бүгін ол үйіне келген кезде қыздың әкесі камераға түсіп қалған видеоны көрді. Өкінішке қарай, ол жерде Әсемайдың көпірден секірген сәті видеоға түсіп қалған", - дейді ерікті. 

Бұған дейін мәслихат депутаты Надежда Шильман Facebook-парақшасында Әсемай соңғы рет суретке түсіп, "Қош болыңдар" деп жазба қалдырғанын айтқан болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу