"Көш соңында қалып қоюымыз мүмкін": Президент білім мен ғылымға жүгініп, нақты іспен айналысудың қажеттігін айтты

Мемлекет басшысы көпшілікті ұлы Абай айтқан "бес дұшпаннан", әсіресе, өнбейтін дау-дамайдан, бос сөз бен құр мақтанудан аулақ болуға үндеді.   

"Көш соңында қалып қоюымыз мүмкін": Президент білім мен ғылымға жүгініп, нақты іспен айналысудың қажеттігін айтты Фото: gov.kz

Жасампаз ұлт ретінде ел халқын ақиқат пен аңыздың, шындық пен өтіріктің ара-жігін ажыратып, жағымсыз кеселдерден біржола арылуға да шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Ең алдымен, білім мен ғылымға жүгініп, нақты іспен айналысуымыз қажет. Онсыз әлем өркениетіне ілесе алмай, көш соңында қалып қоюымыз мүмкін. Бірақ біз бұған жол бермейміз.

Төл тарихымызды тар жол, тайғақ кешсе де, алған бетінен қайтпаған, еңсесін тік ұстап, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет еткен тұлғалар жазды. Олар ұлтымыздың көшін алға бастады.

Елімізді көркейтеміз десек, осындай ұлт перзенттерінің өмірін, ұстанымдарын үлгі-өнеге етуіміз керек. "Ондай болмақ қайда" деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес.

Рухы биік, жігері мықты адамдар өз отбасы мен қастерлі Отаны алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, ел игілігі үшін адал еңбек етеді. Өмірде табысты, қоғамда сыйлы болады. Шынайы отаншылдық дегеніміз де – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу